"Күрекпен ұрды": Екібастұзда жұмысшылар мен жастар неге төбелескені белгілі болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Күрекпен ұрды": Екібастұзда жұмысшылар мен жастар неге төбелескені белгілі болды Иллюстрациялық сурет: Тengrinews

Екібастұз полицейлері жастар мен жол жұмысшылары арасындағы төбелестің себебін анықтады. Жанжалға қатысушылар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Екібастұз полицейлері жастар мен жол жұмысшылары арасындағы төбелестің себебін анықтады. Жанжалға қатысушылар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Полиция мәліметінше, көшедегі төбелеске қатысқандардың бәрі ұсталды.

"Төбелес ЖШС жұмысшылары мен оларға жұмыс істеуге кедергі келтірген мас күйдегі ер адамдар арасында болғаны анықталды. Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 293-бабы 2-бөлігі бойынша соталды тергеу басталды", - деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінің баспасөз қызметіндегілер.

Тергеу жүріп жатқан "Бұзақылық" бабының санкциялары бес айлық есептік көрсеткішке дейін айыппұл салуды немесе 1200 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тартуды не 5 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеуді немесе айыруды көздейді.

Полиция оқиғаға ересектер қатысқанын мәлімдеді.

Еске салайық, төбелес 18 қыркүйекте түстен кейін болған. Оны куәгерлер видеоға түсіріп алған. Қақтығысқа колледж студенттері қатысқаны хабарланған болатын. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети