24 мамыр 2019 09:08

Құрманғали Тасмағамбетов жаңа қызметке тағайындалды

Дина Муратова Редактор

Құрманғали Тасмағамбетов Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның Facebook парақшасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құрманғали Тасмағамбетов Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары болып тағайындалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның Facebook парақшасына сілтеме жасап.

Құрманғали Тасмағамбетов 1959 жылы Новобогат ауылында дүниеге келген. Ол Гурьев пединституты мен Атыраулық Мұнай және газ институтында білім алған. Еңбек жолын мектепте мұғалім қызметінен бастады.

Реклама
Реклама

Әр жылдары Махамбет мектепаралық оқу-өндірістік комбинатының оқытушысы, Махамбет сырттай-кешкі мектебінің директоры, Махамбет ОӨК шебері болып жұмыс істеді. 1995-1997 жылдары "Мерей" фирмасының атқарушы директоры және "Мұнайтрейдинг" өкілі лауазымында еңбек етті.

Кейіннен энергоресурстарды бақылау бөлімін басқарды, Атырау облысы бойынша ТШ басшысының орынбасары болып жұмыс істеді. 2002 жылдан 2014 жылға дейін Атырау және Ақтөбе облыстары бойынша аумақтық Кедендік бақылау департаменттерінің басшылары лауазымдарын атқарды.

Бұл тағайындауға дейін Құрманғали Тасмағамбетов Маңғыстау облысы бойынша МКД басшысының орынбасары болып жұмыс істеді.

Айта кетейік, ол Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және Өкілетті Елшісі Иманғали Тасмағамбетовтың інісі.

Показать комментарии
Читайте также
Реклама
Реклама
Join Telegram