27 тамыз 2014 | 19:32

Құрманғазы мен Пушкин сүйісіп тұрған постер қылмысқа жатады - министр

ПОДЕЛИТЬСЯ

©tengrinews ©tengrinews

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Құрманғазы мен Пушкин сүйісіп тұрған постерді шығару жұмысын қылмыс деп атады. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.


Иконка комментария блок соц сети

Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы Құрманғазы мен Пушкин сүйісіп тұрған постерді шығару жұмысын қылмыс деп атады. Бұл туралы ол Tengrinews.kz тілшісіне берген сұхбатында айтты.

"Біздің елімізде осындай жағымсыз әрі ерсі әрекеттердің болуы өкінішті-ақ. Ашығын айтайын, бұл адам затына тән нәрсе емес. Александр Сергеевич те, Құрманғазы да - әлемдік деңгейдегі тұлғалар. Әрине, оларды әлдеқайдағы постерлерге салуға болмайды. Ондайды қылмыс деп атауға болады. Негізі, ұлы адамдардың суретін осылайша пайдаланатын қоғам үшін алаңдау қажет", - деп атап көрсетті министр.

Арыстанбек Мұхамедиұлының айтуынша, министрлік тиісті іс-шараларды қолға алды. Ал сол постерді ашық түрде жариялаған интернет-сайттар жауапқа тартылады. "Заң бар. Онда авторлардың жауапкершілігі қарастырылған. Мен өзім барлық ақпараттарды бақылап отырмын", - деді министр.

"Негізі, автор материалды қандай да бір шараға қолданамын деп сілтеме берсе де, ол тәртіп бұзушылық болып саналады. Себебі ол шараға бір емес, бірнеше адам қатысады. Оның өзі қоғамдық резонанс туғызады. Сондықтан олардың тек өзіміз үшін ғана пайдаландық деген сөзі орынсыз. Меніңше, бұл жерде психологиялық мәселе бар. Адамның белгілі бір әлсіз тұстары болады. Бұл - оның ішкі мәселесі. Оны қоғамға жариялауға болмайды. Ал ол үшін құрметті тұлғалардың бейнесін қолдану - шектен асқан бассыздық. Өкініштісі сол, Құрманғазы мен Пушкин адамның ішкі дүниесінің тазалығы үшін күресіп өтті. Александр Пушкиннің өз әйеліне тіл тигізгені үшін қарсыласты жекпе-жекке шақырғанын жақсы білеміз. Ал Құрманғазы өмір бақи тәуелсіздік үшін күресті", - дейді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Айта кетейік, осы аптаның басында Қазнетке Құрманғазы мен Пушкиннің сүйісіп тұрған постері шығып, халықтың наразылығын туғызды. Оны Алматыдағы "Студия 69" өз жарнамасы ретінде қолданған. Постерді Havas Worldwide Kazakhstan компаниясы басып шығарды. Артынан ол өз өнімі үшін кешірім сұрады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети