14 қазан 2020 | 15:14

"Курсанттар жаппай төбелесті": Қарағандыдағы ІІМ академиясынан тағы шу шықты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Скрин видео Скрин видео

Қарағандыдағы ІІМ академиясына Нұр-Сұлтаннан арнайы комиссия барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағандыдағы ІІМ академиясына Нұр-Сұлтаннан арнайы комиссия барды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі КТК телеарнасына сілтеме жасап.

Болашақ полиция қызметкерлерін дайындайтын оқу орнынан тағы шу шықты. Белгісіз біреулер желіге видео жариялаған. Онда погондағы курсанттардың төбелесіп жатқанын көруге болады. Ал бірнеше сағаттан соң интернетте академия қызметкерлерінің видеоүндеуі жарияланған. Олар академия күмәнді мемлекеттік сатып алуларды жүргізіп отырғанына шағымданған.

Осыған байланысты елордадан Қарағандыдағы ІІМ академиясына арнайы комиссия жіберіліпті. Ішкі істер министрлігі желідегі бірнеше видеоны тексеруге кіріскен.

Алдымен белгісіз біреулер жаппай төбелестің видеосын жариялап, онда болашақ полиция қызметкерлерінің бейнеленгенін айтқан. Яғни академия курсанттары бардағы күзетшілермен сөзге келіп, салдарынан бірнеше адам пышақ жарақатын алған. Алайда Қарағандыдағы ІІМ академиясы бұл деректі жоққа шығарып отыр.

"Жараланған курсанттар жоқ. Барлығы аман. Олар білім алып жатыр. Ешкім көмек сұрап келген жоқ, ешкімді емдеген де жоқпыз. Жарғымен белгіленген тәртіп бойынша курсанттар жеке іспен айналаса алады. Алайда қазіргі таңда екі курсант шешекпен ауруына байланысты 15 қазанға дейін карантин енгізілді", - дейді Бейсенов атындағы Қарағанды академиясы басшысының орынбасары Юрий Колесников.

Ал бардың иесі курсанттардың төбелескенін айтып отыр. Бірақ бұл оқиға екі апта бұрын болыпты.

"Сол күні адам көп болды. Бірақ біз олардың кім екенін және қайда оқитынын сұраған жоқпыз. Біз басқалар сияқты түнгі 12-ге дейін жұмыс істейміз. Ал төбелес таңғы 4:30-да болды. Мен курсанттардың күзетшілермен төбелескенін естідім. Бірақ менің мекемемде күзет қызметі жоқ. Мұнда мен бәрін өзім қадағалаймын", - дейді бардың иесі Еркебұлан Сүлейменов.

Сонымен қатар, желіде тағы бір видео жарияланған. Онда академия қызметкерлері ректордың психологиялық қысым жасайтынына шағымданған. Салдарынан оқу орнынан тәжірибелі кадрлар кетіп жатыр. Сондай-ақ, құрылыс материалдарын сатып алу бойынша тендер оларға күмәнді болып көрінеді екен. Осыған байланысты академияға Нұр-Сұлтаннан арнайы комиссия келген. Тексерудің нәтижесіне қатысты ақпарат жоқ.

Айта кетейік, 2019 жылдың басында Қарағандағыда ІІМ академиясынан шу шыққан еді. Онда оқу орнының оқытушысы әріптестерін Жаңа жылмен құттықтай отырып, бәрін "Братва" деп атаған. Сонымен қатар, ол кинодағы қылмыс әлемінің серкелерін есіне алған болатын.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл!

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети