Құрылтай сайлауын кімдер бақылайды? ОСК түсіндірді

Құрылтай сайлауын кімдер бақылайды? ОСК түсіндірді Фото © Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Орталық сайлау комиссиясы (ОСК) 23 тамызға белгіленген Құрылтай депутаттары сайлауына кімдер бақылау жасайтынын айтты. Олардың қатарында халықаралық ұйымдар мен шет мемлекеттердің бақылаушылары бар, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Кімдер аккредиттелді?

ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерманның айтуынша, бүгінде үш халықаралық ұйым мен төрт шет мемлекеттен 60 халықаралық бақылаушы аккредиттеуге ұсынылды.

Жарнама
Жарнама

Олардың ішінде:

  • ТМД бақылаушылар миссиясынан 4 бақылаушы;
  • ТМД-ға мүше мемлекеттердің Парламентаралық ассамблеясынан 19 бақылаушы;
  • ЕҚЫҰ ДИАҚБ миссиясынан 32 бақылаушы;
  • Мальдив Республикасының 2 өкілі, оның ішінде елдің сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары бар;
  • Палестинаның Қазақстандағы елшісі, Астанада аккредиттелген дипломатиялық корпус басшысы;
  • Венесуэланың Қазақстандағы елшісі;
  • Мажарстанның Қазақстандағы уақытша сенімді өкілі.

"Аккредиттеуге ұсыныстар түскен сайын бақылаушылар туралы мәлімет жаңартылып отырады", – деп толықтырды Мұхтар Ерман.

1 шілдеден бастап Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді. Сонымен қатар Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, депутаттардың өкілеттігі аяқталды. Жаңа Конституцияға сәйкес, елде екі палаталы Парламенттің орнына бір палаталы орган – Құрылтай жұмыс істейді.

Жаңа заң шығарушы орган депутаттарының сайлауы 23 тамызға белгіленді. Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Сайлауға 7 саяси партия жіберілді.

Құрылтай сайлауы: ОСК науқанның негізгі күндерін бекітті

Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Жолдау
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу

Жарнама
Жарнама