Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) хатшысы Шавхат Өтемісов Қазақстанның жаңа Парламенті – Құрылтайдың алдағы сайлауына партиялық тізімдерді ұсынудың аралық қорытындысын жариялады, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Қазіргі уақытта белгілі мәліметтер
13 шілде сағат 18:00-дегі жағдай бойынша Қазақстанда тіркелген барлық 7 саяси партия ОСК-ға Құрылтай депутаттығына кандидаттар тізімін ұсынды.
Партиялар бойынша кандидаттар
Саяси партиялар барлығы 546 кандидат ұсынды.
Партиялық тізімдердің сандық құрамы келесідей бөлінген:
ОСК деректері
"Саяси партиялар ұсынған партиялық тізімдерді тіркеу 23 шілде сағат 18:00-де аяқталады", – деді Өтемісов.
ОСК төрағасы Нұрлан Әбдіров партиялық тізімдерді тіркеу кезінде сайлау туралы Конституциялық заңда белгіленген әйелдер, жастар және мүгедектігі бар адамдар үшін 30 пайыздық квота толық ескерілгенін атап өтті.
Қазақстанда бірпалаталы Парламент болады
1 шілде Қазақстан ресми түрде "жаңа дәуірге" қадам басты – елде жаңа Конституция күшіне енді. Осы күннен бастап Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, олардың депутаттары таратылды.
Жаңа Конституцияға сәйкес, Қазақстан Парламенті бірпалаталы болып, Құрылтай деп аталады.
Елдің жаңа заң шығарушы органына сайлау жаздың соңында өтеді. Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Дауыс беру күні 23 тамызға белгіленді.