ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- Кеше 17:41
Құрылтай сайлауына бес елден бақылаушылар аккредиттелді
Құрылтай сайлауындағы халықаралық бақылаушылар саны артып келеді. Орталық сайлау комиссиясы тағы 10 шет мемлекет өкілін аккредиттеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ОСК төрағасының орынбасары Мұхтар Ерманның мәліметінше, 23 шілдеде Орталық сайлау комиссиясына бес шет мемлекет пен бір халықаралық ұйымнан тағы 10 бақылаушыны аккредиттеуге құжаттар түскен.
Олардың қатарында Молдованың төрт өкілі (соның ішінде осы елдің ОСК төрағасы), Халықаралық парламентшілер конгресінің (IPC) бір өкілі, Албаниядан екі бақылаушы, Кувейттің Қазақстандағы елшісі, сондай-ақ Армения мен Палестинадан бір-бір өкілден бар.
Бүгінде 96 халықаралық бақылаушы аккредиттеуден өтті. Бұған дейін кімдердің аккредиттелгені туралы толығырақ мына сілтемеде.
1 шілдеде Қазақстанда жаңа Конституция күшіне енді. Сонымен қатар Мәжіліс пен Сенат жұмысын тоқтатып, депутаттардың өкілеттігі аяқталды. Жаңа Конституцияға сәйкес, елде екі палаталы Парламенттің орнына бір палаталы орган – Құрылтай жұмыс істейді.
Жаңа заң шығарушы орган депутаттарының сайлауы 23 тамызға белгіленді. Тиісті жарлыққа Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойды. Сайлауға 7 саяси партия қатысады.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу