23 мамыр 2014 | 10:18

Құрылыс басқармасының бастығы пара алу үстінде ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©km.ru ©km.ru

Қаржы полициясы Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің қызметкерлері арасында қызмет бабын асыра пайдаланып, бюджет қаражатын жымқыру әрекеттерін, сондай-ақ пара алу фактілерін анықтады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Экономикалық қылмысқа және сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес агенттігінің (қаржы полициясы) баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Иконка комментария блок соц сети

Атап айтқанда, қаржы полицейлері облыс әкімдігіне қарасты құрылыс басқармасының бастығы Ратмир Усмановты пара алу үстінде ұстады. Ол кәсіпкердің мүддесі үшін заңсыз әрекетке барғысы келген. Қаржы полициясының хабарлауынша, бүгінде Солтүстік Қазақстан облысы әкімдігінің бірқатар шенеуніктеріне қатысты қылмыстық істер қозғалды. Олар қызмет бабын асыра пайдаланып, бюджет қаражатын талан-таражға салды деген күдік бар.

Айта кеткен жөн, Р.Усманов Солтүстік Қазақстан облыстық құрылыс басқармасының бастығы қызметіне өткен жылы тағайындалған болатын.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети