01 қазан 2020 | 10:36

Құс тұмауы: Қостанай облысында тағы 3 ауыл карантинге жабылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов Фото: Tengrinews.kz/Тұрар Қазанғапов

Қостанай облысында құс тұмауына байланысты карантинге жабылған ауылдардың саны 6-ға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Костанайские новости" сайтына сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қостанай облысында құс тұмауына байланысты карантинге жабылған ауылдардың саны 6-ға жетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Костанайские новости" сайтына сілтеме жасап.

Қостанай облысының ветеринария басқармасының басшысы Самат Қалиевтің айтуынша, Родина ауылындағы "Агроинтерптица" компаниясының құс фабрикасында құс тұмауы расталған.

Қазақстан жұмыртқа өндірушілері қауымдастығының президенті Максим Божконың мәліметінше, мұнда 500 мыңнан аса тауық қырылған.

"Арнайы комиссия жұмыс істеп жатыр. Фабрикалардың маңына блокбекеттер қойылып жатыр. Енді фабрикаларды ғана емес, ауылды карантинге жабу туралы қаулы дайындалып жатыр. Құс тұмауы жақын маңдағы Фурманов ауылының жеке аулаларына тарағаны расталды. Құс тұмауы Целинныйда да байқалды, бірақ талдау нәтижелері әлі келген жоқ", - деді Қалиев.

Алдағы уақытта Қарабалық ауданы Михайловка ауылы да карантинге жабылады. Мұнда жүзден аса құс қырылған. Ауыл периметр бойынша бетон плиталармен қоршалып жатыр.

Басылым өткен аптада Сарыкөл ауданындағы Маяк ауылы, Ұзынкөл ауданындағы Сокол ауылы және Меңдіқарадағы Красную Пресню ауылы карантинге жабылғанын атап өтті.

"Біз вакцинаның 21 мың дозасын пайдаландық. Қосымша 470 мың доза сұрап отырмыз. Республикалық қордан 366 218 доза түсті", - деп түсіндірді Қалиев.

Айта кетейік, вакцина алған құстың еті мен жұмыртқасын үш аптадан кейін жеуге болады. Ал өтемақы алу үшін аумақтық ветеринарлық инспекцияларға жүгіну керек.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети