Құтқарушылар алматылықтарға үндеу жасады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құтқарушылар алматылықтарға үндеу жасады Фото ©️ Tengrinews.kz / Әлихан Сариев

Құтқарушылар аптапқа байланысты алматылықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құтқарушылар аптапқа байланысты алматылықтарға үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы ТЖД Қазгидрометтің ауа райына байлансты ескертуі негізінде 19 шілдеде 40 -42 градус ыстық ауа температурасы күтілетіні, сондай-ақ жоғарғы өрт қауіпі сақталатынын хабарлады.

"Осыған байланысты, Алматы қаласының Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындары мен қонақтарына таулы-орманды алқаптарға барғанда өрт қауіпсіздігі ережелерінің талаптарын сақтауды және:

  • тауға демалуға барған жағдайда тұтанған темекі қалдықтарын тастамауды;
  • Бір желіге бірнеше электр құрылғыларды қоспаңыз, өйткені электр желісінің шамадан тыс жүктелуі қысқа тұйықталуға және өртке әкелуі мүмкін.
  • Балаларды авто көліктердің ішіне аз уақытқа болса да қалдырмаңыз. Қатты ыстықтан бала есінен танып қалуы мүмкін.

Қала тұрғындары мен қонақтарын күн сәулесiнiң әсерiнен сақтану үшiн серуенге шықпауға шақырамыз", - делінген хабарламада.

Өрт қауіпті кезеңде Алматы қаласы ТЖД алдын алу шараларын күшейткені айтылды.

"Таулы орманды жерлерде өрттің алдын алу мақсатында бекітілген патрульдеу кестесіне сәйкес демалыс және мереке күндері орман шаруашылығы мекемелері мен ЖПҚ өкілдерімен Алматы ТЖД бірлескен рейдтік іс-шаралар өткізеді", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Сағынтаевты қабылдады
Алматыда ірі жол апаты болды
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 518.39  course up  600.31  course up  6.73  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети