© Хабар 24
Ақтөбеде Елек өзеніне батып бара жатқан қыз баланы судан құтқарушылар аман алып шықты, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары".
Ақтөбеде Елек өзеніне батып бара жатқан қыз баланы судан құтқарушылар аман алып шықты, - деп хабарлайды "Ақтөбе жаңалықтары".
Өңірдегі төтенше жағдай департаменті өкілдерінің мәліметінше, оқиға кеше, 12 маусымда түстен кейін болған.
"12 маусымда жергілікті уақыт 16:05-те Елек өзеніндегі "Шаттық" жағажайынан жасөспірім құтқарылды. Суға батып бара жатқан баланы кезекшілікте тұрған жедел құтқару жасағы байқаған. 2005 жылғы бала ата-анасына табысталды", - деп хабарлайды ТЖД баспасөз қызметінің өкілдері.
Өңірде жыл басынан бері суға бату оқиғасы тіркелмеген.