Құтқарушылар таңертеңнен бері алматылықтарға 5 рет ескерту жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

архив кадрлар

Алматыда нөсер жауын жауады. Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматыда нөсер жауын жауады. Төтенше жағдайлар департаменті қала тұрғындарына үндеу жасады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Таңертең Алматы тұрғындарына ауа райының қолайсыздығы туралы бірден бес СМС ескерту келді.

Алматы ТЖД мәліметінше, "Қазгидромет" РМК-ның 27 тамыздағы №18 ескертуі негізінде 28 тамызда күндіз кей уақытта қатты жаңбыр, найзағай, бұршақ күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын жел екпіні 15-20 м/ с.

ТЖД қала тұрғындарына көліктерді ағаштардың астында қалдырмауды сұрады. Сондай-ақ, желдің күшеюі кезінде келесі жағдайлар ұсынылады:

  • ғимараттардан шығуды шектеу (мүмкіндігінше үй-жайда болу);
  • егер үйде болсаңыз, терезелер мен есіктерді мықтап жабыңыз. Ауладан, ашық балкондардан және лоджиялардан үйіңізге зиян келтіруі мүмкін тұрмыстық заттарды алып тастаңыз;
  • көшеде жүргенде жақын кіреберісте немесе дүкенде жасырынуға тырысыңыз.
  • билбордтардың, ағаштардың астында, аяқталмаған ғимараттарда, сондай-ақ үйлердің қабырғаларында жасырынуға болмайды, өйткені шатырлардан шифер мен басқа шатыр материалдарының құлауы мүмкін;
  • қатты жел кезінде электр беру желілерінің астында тұру және үзілген электр сымдарына жақындау өте қауіпті;

"Алматы тауларында гляциалды (мұздық) және нөсерлі сипаттағы сел қаупі сақталады. Гидрометеорологиялық және сел жағдайының талдауына сәйкес, қатты жаңбыр жауған кезде сел құбылыстары болуы мүмкін.

Құрметті туристер, Алматы қаласының тұрғындары мен қонақтары: сел тасқынына қалып қалған жағдайда, құтқарылуға мүмкіндік жоқ. Сел тасқыны қаупіне байланысты Іле-Алатау тауларына бармауды сұраймыз", - делінген хабарламада.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети