"Құтқарушылардың жұмысын қиындатпаңыздар" - Үкімет басшысы қазақстандықтарға үндеу жасады

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Құтқарушылардың жұмысын қиындатпаңыздар" - Үкімет басшысы қазақстандықтарға үндеу жасады Фото: Үкіметтің баспасөз қызметі

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан халқына су тасқыны жағдайы туралы үндеу жасады. Бұл мәселе бүгін үкімет отырысында талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Премьер-министр Олжас Бектенов Қазақстан халқына су тасқыны жағдайы туралы үндеу жасады. Бұл мәселе бүгін үкімет отырысында талқыланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Үкімет басшысы қазақстандықтардан құтқарушыларға көмектесуді және олардың жұмысын қиындатпауды сұрады.

"Маған баяндама бойынша, тұрғындардың мұндай қажеттілік жоқ деген сенімінен эвакуациялау жұмыстары қиындап жатқаны айтылды. Олар су тасқынынан ауыр зардаптар болуы мүмкін екеніне сенбейді. Көріп отырғанымыздай, биыл су тасқыны бұрын-соңды су тасқыны тіркелмеген жерлерде де болып жатыр. Осыған байланысты, Қазақстан халқын әкімдіктер мен арнайы қызметтердің хабарламасына аса жауапкершілікпен қарап, олардың нұсқауларын тыңдап, орындауды сұраймын. Бұл өмірді сақтауға көмектеседі. Эвакуация бірінші кезекте сіздердің қауіпсіздігіңізді қамтамасыз етуге бағытталған, құтқарушыларға көмектесуіңізді сұраймын, олардың жұмысын қиындатпаңыз, олар сіздер үшін жұмыс істеп жатыр", - деді Олжас Бектенов.

Бүгін үкімет отырысында ҚР төтенше жағдайлар вице-министрі Бауыржан Сыздықов Қазақстандағы су тасқынына қатысты жағдай туралы айтты. Оның айтуынша, үш облыста күрделі жағдай сақталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети