Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (ХАТУ) журналистика факультетінде Alash Media Group холдингінен атаулы гранттар мен жеңілдіктер беру байқауының қорытындысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Халықаралық ақпараттық технологиялар университетінің (ХАТУ) журналистика факультетінде Alash Media Group холдингінен атаулы гранттар мен жеңілдіктер беру байқауының қорытындысы жарияланды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Шығармашылық жұмыстардың сапасын бағалау нәтижелері бойынша ЖОО-ның қабылдау комиссиясы мен Alash Media Group холдингі "цифрлық журналистика" мамандығы бойынша білім гранты мен жеңілдіктерді бөлді.
Tengrinews.kz атынан 100 пайыз грант иегері Алматы қаласынан Қадыржан Бақытжан болды. Massaget.kz атынан 50 пайыздық жеңілдіктер алматылық талапкерлер Аяулым Рымбай мен Татьяна Тошматоваға берілді. Ал "Жұлдыз FM"-нен 25 пайыздық жеңілдікке Әсел Әкімалиева, София Ким, Мәдина Төрехан, Идалия Қасымова ие болды.
ХАТУ журналистика факультетінің студенттері алдағы уақытта Tengrinews.kz, Massaget.kz "Жұлдыз FM" радиостанцияларында тәжірибеден өту мүмкіндігіне ие болады. Сонымен қатар, Alash Media Group базасында ХАТУ журналистика кафедрасын ашу жоспарланып отыр, ал медиахолдингтің жетекші мамандары мен журналистері ХАТУ студенттері үшін дәрістер, курстар мен шеберлік сыныптарын өткізеді. Әрине, қабілеті бар және талантты мамандар компанияға жұмысқа орналасу мүмкіндігіне ие болады.
"Медиакоммуникация және Қазақстан тарихы" кафедрасының меңгерушісі Айгүл Ниязғұлова кафедра Tengrinews.kz басылымымен көп жылдан бері серіктес екенін айтты. Байқауды өткізу идеясы бірлесіп туды. Жұмысты іріктеген комиссия құрамына кафедра оқытушылары мен профессорлары, сондай-ақ "Effective Media Liasion" ЖШС директоры Сұңқар Қарабалин кірді.
"Жеңімпаздарды екі санат бойынша іріктеді: ҰБТ балдары және болашақ талапкерлер ұсынған шығармашылық жұмыстар. Олардың арасында кешегі мектеп оқушыларының БАҚ-тағы жарияланымдары, блогтарының тұсаукесерлері, бейнероликтер және тіпті шағын фильмдер болды. Екінші орынға ие болған қатысушылардың бірі өз суреттері бар екі басылған альбомды ұсынды. Барлық жұмыс кәсіби деңгейде болды деп айтуға келмес, бірақ конкурстық комиссия мүшелері ең алдымен біздің кафедрада оқуға деген шығармашылық көзқарас пен шынайылықты қарастырды. Жұмыстарды қарастыруға біздің студенттер қатысты, сондықтан барлығы өте ашық өтті. Ұзақ таластар мен қызу талқылаулардан кейін біз жеңімпаздарды анықтадық", - деді Айгүл Ниязғұлова.
Қатысушылар мен жеңімпаздардың жұмыстары ХАТУ "Медиакоммуникация және Қазақстан тарихы" кафедрасының сайтында жарияланады.
Tengrinews.kz атынан 100 пайыздық грант иегері Бақытжан Қадыржан бір жыл бұрын журналистика факультетіне оқуға түсуге бел буған. ҰБТ-да ол 121 балл жинады және ХАТУ-ға грантқа түсу үшін оған тура бір балл жетпеген.
"Бір балл жетпейтінін естіген кезде байқауға өтінім бере алатынымды естідім. Қазақстандағы проблемалар туралы көшеде қалалықтардан сауалнама жүргіздім. Менің жұмысым үздік атанады деп күтпедім!", - дейді жеңімпаз.
Қадыржан Бақытжан Tengrinews.kz порталын Instagram-да оқып тұратынын және күнделікті жаңалықтарды біліп отыратынын айтады.
Alash Media Group - Қазақстанның жетекші медиахолдингі, оның құрамында Tengrinews.kz, Vesti.kz, Massaget.kz ақпараттық порталдары, "Жұлдыз FM", "Ретро FM Казахстан" радиоарнасы, СТВ телеарнасы бар. Медиа холдинг негізін қалаған және оны 10 жылдан астам уақыт бойы басқарған белгілі қазақстандық медиаменеджер Батыр Қазыбаев.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!