Күтуден шаршаған: Оралда кәсіпкерлер өз қаражатына асфальт төседі

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күтуден шаршаған: Оралда кәсіпкерлер өз қаражатына асфальт төседі "Хабар 24"/видео кадры

Оралдық кәсіпкерлер қаланың орталық көшелерінің біріне асфальт төседі. Жылдар өте жолдың тозығы жетіп, жолды жөндеу туралы өтініштер еленбеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралдық кәсіпкерлер қаланың орталық көшелерінің біріне асфальт төседі. Жылдар өте жолдың тозығы жетіп, жолды жөндеу туралы өтініштер еленбеген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" арнасына сілтеме жасап.

Орталық базар ауданындағы Ахмирова көшесі - Орал қаласындағы Уолл-стрит. Мұнда көптеген бизнес нысандары орналасқан. Мұндағы тозығы жеткен жол учаскесі жергілікті кәсіпкерлерге көптеген қолайсыздық әкеледі. Кәсіпкерлік нысандардың иелері ұзақ жылдар бойы әкімдіктің табалдырығын тоздырғанымен, жергілікті билік тарапынан жолды жөндеу, одан кейін салу жұмыстары белгісіз мерзімге үздіксіз кейінге шегеріліп келеді. Сондықтан, адамдар мәселені өз қолына алуды ұйғарған.

"Бұған дейін 20 жыл бойы жол салынбаған болатын. Жол жоқ болды. Барлық көршілермен жиналып, жол жасадық. Келесі көшедегі көршілеріміз де жиналып, көмектесті. Менің ойымша, 12 адам. Бәрі әртүрлі, кім - 500, кім - 900, кім қолынан келгенін істеп, соны жинады", – дейді кәсіпкер Артур Тасболатов.

Қалалық мәслихат депутаттары мәселеге назар аударды.

"Жыл сайын құрылыс материалдары қымбаттап жатқанын бәрі біледі, бірақ соған қарамастан, жергілікті кәсіпкерлер қажетті соманы жинап, жол төсеп, игі іс жасады. Өздеріне де, осы көшенің тұрғындарына да жақсы болды. Барлық жұмысқа 10 миллион теңге кетті", - деді қалалық мәслихат депутаты Нұргүл Ашықова.

Облыс орталығында жергілікті билік мәліметінше, жолдардың 25 пайызында асфальт төселмеген. Биыл Оралда жер қойнауын пайдаланушы компания мен мемлекеттік бюджет есебінен 45 шақырым жол жөнделеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети