29 маусым 2016 | 17:19

Күйдіргі індеті туралы WhatsApp арқылы таралып жатқан мәлімет жалған - ҚР Ұлттық экономика министрлігі

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Қарағанды облысындағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Халықтың инфекциялық аурулармен сырқаттанушылығының көп жылдық деңгейлерінен арту тіркелген жоқ.


Иконка комментария блок соц сети

Қарағанды облысындағы эпидемиологиялық ахуал тұрақты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Халықтың инфекциялық аурулармен сырқаттанушылығының көп жылдық деңгейлерінен арту тіркелген жоқ.

"2016 жылғы 20-22 маусым аралығында Қарағанды облысының Еркіндік елді мекенінде адамдардың күйдіргімен сырқаттануының 8 зертханалық расталған жағдайы тіркелді, оның ішінде екеуі өліммен аяқталды. Науқастар облыстық инфекциялық аурулар ауруханасында емделуде", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сонымен қатар, биылғы 23 маусымнан бастап Еркіндік селосы мен Қарағанды облысы тұрғындарының арасында күйдіргімен сырқаттанудың жаңа жағдайларының анықталмағаны айтылады. Тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитеті эпидемиологиялық тергеп-тексеру барысында эпидемияға қарсы іс-шаралар кешенін жүргізді.

Адамдарға жұқтыру көзі мен факторлары анықталды: күйдіргімен ауырған жануар (сиыр) инфекцияның көзі болып табылды. Адамдарға ветеринариялық қаралмаған ауру малды мәжбүрлі союға қатысу кезінде және оны 11 ауылдас отбасына сату кезінде қарым-қатынас жолымен жұққан.

Байланыста болғандар медициналық бақылауға алынды және антибиотикпен алдын алу аяқталуда. Барлық ошақтарда қорытынды дезифекциялау жүргізілді. Қазіргі уақытта күйдіргі ошағын шоғырландыру бойынша эпидемияға қарсы және ветеринариялық іс-шаралар кешені толық көлемде жүргізілуде. 

"WhatsApp арқылы таратылған күйдіргінің және басқа да инфекциялық аурулардың жаңа жағдайларының тіркелуі туралы ақпарат жалған және шындыққа жатпайды. Жалған ақпарат таратқаны үшін қылмыстық жауапкершілік көзделгенін естеріңізге саламыз", - деп ескертті министрлік өкілдері.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети