"Күзде нақты анықтаймыз" - Цой ревакцинация туралы

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент
viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
Фото ©REUTERS Фото ©REUTERS

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ревакцинация бойынша ұсыныстар күзде белгілі болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой ревакцинация бойынша ұсыныстар күзде белгілі болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ревакцинация бойынша нақты критерийлер жоқ, бір топ ғалымдар бұл мәселемен айналысып жатыр. Өйткені, ДДСҰ бұл кезеңде ревакцинация жасауға мүлде кеңес бермейді. Басқа елдер мұны жасап жатыр. Әлемде клиникалық сынақтар тиімділікті нақты растаған жағдай жоқ. Сондықтан, қазір дұрыс жолын табу үшін тәжірибені мүмкіндігінше зерттеп жатырмыз", - деді министр Орталық коммуникациялар қызметіндегі онлайн-брифингте.

Бұл ретте Денсаулық сақтау министрлігі басшысы мамырдан маусымға дейін вакциналау бағдарламасы іске қосылғаннан кейін тұрғындардың көпшілігіне вакцина салынғанын ескеруді сұрады. Цойдың айтуынша, осыған байланысты Қазақстанда вакцина алған тұрғындардың иммунитеті күшті.

"Бізде әлі де халықаралық тәжірибені зерттеуге уақыт бар: ол қалай өтті, қай вакциналар, ревакцинация мүмкін бе және қашан. Қазір нақты ұсыныстар жоқ. Кейбір бастапқы клиникалық зерттеулер бар, бірақ біз нақты дерекке сүйенгіміз келеді, сондықтан қазір толық іздеу жүргізіп жатырмыз және барлық құзырлы органнан мәлімет аламыз. Біз қазір әртүрлі өлшеулер жүргізіп жатырмыз. Менің ойымша, жақын арада, күзде нақты анықтап, қашан және қандай мерзімде, қандай вакцинаны және қандай дозада жасау керек екені туралы мәліметтерді аламыз", - деді Цой.

Айта кетейік, Қазақстанда тұрғынардың кейбір санаттарына міндетті вакцинация енгізілген. Міндетті вакциналау тізіміне мәдени-демалыс нысандары, қызмет көрсетуші, жолаушылар тасымалымен айналысатын ұйымдар, білім беру ұйымдары және басқа да нысан қызметкерлері кіреді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 502.8  course up  547.58  course up  5.95  course down

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro