Синоптиктер 2019 жылы 30 қарашада ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 2019 жылы 30 қарашада ауа райы қандай болатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Қазақстан территориясының басым бөлігі әлі де тұрақтанатын антициклонның әсерінде болғандықтан, жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Тек батыс өңірлерде фронтал бөліктердің өтуіне байланысты жауын-шашын - жаңбыр, қар жауады. Республиканың кей жерлерінде жел күшейеді, тұман түседі", - делінген хабарламада.
Алматы облысының түнде және таңертең кей жерлерінде тұман түсіп, күндіз Аллакөл аумақтарында жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ақмола, Қостанай, Солтүстік Қазақстан, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде түнде және таңертең тұман түседі. Маңғыстау облысының кей жерлерінде көктайғақ болады.
Атырау облысының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді, тұман, көктайғақ күтіледі. Жамбыл, Қызылорда, Түркістан облыстарының кей жерлерінде жел секундына 15-20 метрге күшейеді, тұман түседі. Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ болады. Ақтөбе облысының кей жерлерінде тұман түсіп, жел секундына 18 метрге күшейеді.