Күзетші оқушыға тиіскен: Алматыда мектеп директоры жұмыстан босатылды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күзетші оқушыға тиіскен: Алматыда мектеп директоры жұмыстан босатылды видео кадры

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Алматы мектептерінің бірінде күзетші 11 жастағы оқушыға тиісті деген оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Алматы мектептерінің бірінде күзетші 11 жастағы оқушыға тиісті деген оқиғаға қатысты пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Алматы мектептерінің бірінде видеоға түсіп қалған оқиға туралы журналистер министрден сұрады. Бейнебақылау камерасына ер адамның алтыншы сынып оқушысына қағаз беріп жатқаны түсіп қалған. Бір мезетте ол оқушыны құшақтап сүйе бастайды. Қорыққан қыз қашып, бірден атасына телефон соғады.

"Білім беру басқармасы тарапынан тиісті шаралар қолданылды. Осы білім беру ұйымының басшысы қызметінен босатылды. Бұл оқиғаға қатысты тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Мұндай деректерді көрген сайын Балалардың құқықтарын қорғау комитеті дереу шығып, тергеуге қатысады және барлық шаралар комитеттің тұрақты бақылауында болады. Сондықтан, жұмыс жүргізіліп жатыр. Бұл мектеп бойынша ғана емес. Әрбір жағдай бойынша тиісті отырыстар шұғыл өткізіледі", - деді министр.

Еске сала кетейік, Алматыда 11 жасар қызға тиісті деген мектеп күзетшісі ұсталған болатын. Алтыншы сынып оқушысының анасы ер адам сол кезде мас болғанын айтты. Күдікті бұған дейін жұмыстан босатылып, мұғалімдер мен мектеп әкімшілігіне сөгіс жарияланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети