05 шілде 2014 | 13:17

Күзетшілер Бақтияр Артаевқа қатысты оқиғаны баяндап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Иллюстрация Tengrinews.kz Иллюстрация Tengrinews.kz

Астанадағы Fashion клубының күзетшілері Бақтияр Артаевқа қатысты оқиғаны баяндап, олимпиада чемпионы маған қол жұмсады деп айыптаған қыздың сөзін жоққа шығады, деп хабарлайды Vesti.kz. Еске саламыз, бұл оқиғаның қалай өрбігені жайында спортшы шілденің 8-і күні өтетін баспасөз мәслихатында баяндап бермек.


Иконка комментария блок соц сети

Астанадағы Fashion клубының күзетшілері Бақтияр Артаевқа қатысты оқиғаны баяндап, олимпиада чемпионы маған қол жұмсады деп айыптаған қыздың сөзін жоққа шығады, деп хабарлайды Vesti.kz. Еске саламыз, бұл оқиғаның қалай өрбігені жайында спортшы шілденің 8-і күні өтетін баспасөз мәслихатында баяндап бермек.

Бақытжан Юсупалиев сол мекемеде қызметте болған үш күзетшінің біреуі. Ол сол күні клуб ашылғаннан жабылғанға дейін болған. "Бақтияр Артаев достарымен клуб ашылған бойда кешкі сағат 10-11 шамасында келді. Олар өз орындарында отырған бойда әңгімелесіп отырды. Бірер уақыттан кейін зал ақырындап адамға тола бастады. Есімде қалғаны белгісіз бір қыз Бақтиярдың сырт жағынан келіп жақындады. Мен ол қызды бұған дейін де клубқа келгенін көргенмін. Ал ол болса қызға көңіл аудармастан, өз достарымен ғана сөйлесіп тұра берді. Мен олардың қасынан өткенімде тәртіп бұзылатындай ештемені байқамағаным былай тұрсын, олар бір бірінен бұрыннан таниды екен деп қалдым. Ал сыртқа шыққанымда достарым клубтағы  қыз айқай-шу шығарғанын айтты", - деді клуб күзетшісі.

Екінші күзетші Ертұрған Бижанов Бақтияр Артаев пен Айсұлу Ибрашевты есте сақтап қалғанын айтты. Ол әлдебір уақытта қыз баланың былапыт сөздерді айтып, ұрсысып тұрғанын көрген. "Кейіннен достарым маған әлгі қыздың Бахтиярды теуіп жібергенін айтты. Сәлден соң ақ футболка киген жігіт қызды құшақтап, ішкі алып кірді. Бақтияр сәлден кейін өз алдына кете барды. Бізде көрдік қой газетте не жазылғанын, жаңалықтарда не айтылғанын. Шындығында Бақтияр әлгі қызды ұрғанда жоқ, ештеме болған да жоқ. Егер ол қызды ұрған болса барлығы көрер еді. Себебі, қыз бала ішімдік ішіп жүргені байқалып тұрған ол уақытта. Егер ол қыздың  аузынан шыққан былапыт сөздер маған бағытталған болса мен өз өзімді ұстай алмас едім. Ол менің досым да емес, бауырым да емес, мен тек болған оқиғаны баяндап қана беріп отырмын. Ал ол қыз болса аузына келгенін айтып жатты", - деді күзетші.

Еске саламыз, түнгі клубда орын алған оқиғаға байланысты Бақтияр Артаевқа қатысты қылмыстық жауапқа тартылуы мүмкін. Маусымның 28-інен 29-ына қараған түні әлгі қыз бала Артаев менің бетімнен ұрды деп ІІД шағым түсірген болатын.

 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети