“Күзетшілер суретке түсуге тыйым салған“: Алматы әкімдігі алдындағы алаң кімге тиесілі?

ПОДЕЛИТЬСЯ

“Күзетшілер суретке түсуге тыйым салған“: Алматы әкімдігі алдындағы алаң кімге тиесілі? Фото ©️ Tengrinews.kz / Алихан Сариев

Алматы әкімдігінен Республика алаңы кімге тиесілі екені сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Алматы әкімдігінен Республика алаңы кімге тиесілі екені сұралды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Facebook әлеуметтік желісіндегі "Дежурный по городу" атты топта алматылық тұрғының шағымы жарияланды. Әйелдің айтуынша, оған Алматы әкімдігі ғимаратының алдындағы алаңда орналасқан саябақ аймағында суретке түсуге тыйым салынған.

"Алматыдағы Жаңа алаңда (Республика алаңы) саябақ аумағында күзетшілер суретке түсуге тыйым салды. Бұл қаншалықты заңды, қандай себеппен және түсініктемені кімнен алуға болады? Күзетшілердің айтуынша, Жаңа алаң жекеменшікке берілген", – деп жазды алматылық тұрғын.

Бұл мәселені Алматы әкімінің баспасөз қызметіне жолдадық. Қалалық әкімдік мәліметінше, алаң аумағы Алматының коммуналдық меншігіне жатады.

"Алаң аумағында сурет және видео түсіруге тыйым салу көзделмеген. Тексеру барысында күзет ұйымының қызметкерлері бұл мәлімдемені нақты айтқан тұлғаны атай алмады.

Сонымен қатар, күзет ұйымымен алдын алу сипатындағы түсіндіру жұмыстары жүргізілді", – деді Алматы әкімінің баспасөз қызметі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети