Күзгі демалыс - 2023: Қазақстанда оқушылар неше күн демалады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Күзгі демалыс - 2023: Қазақстанда оқушылар неше күн демалады? Фото ©️ Tengrinews.kz / Тұрар Қазанғапов

Оқу-ағарту министрлігі оқушылар күзгі каникулда неше күн демалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оқу-ағарту министрлігі оқушылар күзгі каникулда неше күн демалатынын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Еліміздегі мектептерде бірінші тоқсан аяқталуға жақын.

Қазақстандық оқушылар күзгі каникулда оқушылар 7 күн демалады: 30 қазаннан 5 қарашаға дейін.

Екінші тоқсанда сегіз оқу аптасы болады, қысқы демалыс 10 күн болады, ол 2023 жылы 29 желтоқсанда басталып, келер жылдың 7 қаңтарына дейін жалғасады.

Министрлік оқушылардың күзгі демалыстағы бос уақытын тиімді өткізу және жеке тұлғалық қасиеттерін дамыту үшін біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында төмендегі іс-шаралар жоспарын ұсынады:

  • Жоғары сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен бірлесіп ғылыми жоба жұмыстарының мазмұны бойынша ақпараттық-танымдық сабақтар, ЖОО-ның оқытушыларымен кездесулер ұйымдастыру, ғылыми жобалар туралы сұхбаттар өткізу;
  • «Балалар кітапханасы» жобасын іске асыру аясында оқырмандармен кездесу ұйымдастыру және оқылған әдебиеттерді талқылау;
  • «Отбасылық дәстүрлер» тақырыбында ата-аналар жиналысын өткізу, «Педагог-бала-ата-ана» бірлесуімен отбасылық дәстүрлер туралы әңгіме жүргізу;
  • Қожа Ахмет Яссауидің 930 жылдығына орай «Қожа Ахмет Яссауи мұраларын оқу» тақырыбында оқушылар арасында эссе мен жобалық жұмыстар жазу;
  • Оқушылар арасында «Өнегелі өмір» тақырыбында эссе жазудан байқау өткізу, балалардың үздік жұмыстарын атап өту;
  • Оқушылармен және олардың ата-аналарымен бірлесіп «Денсаулық сақтаудың 6 шарты – таза ауа, дұрыс тамақтану, қозғалыс, тыныш ұйқы, жақсы көңіл-күй, күйзеліске түспеу» тақырыбында салауатты өмір салтын қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізу;
  • «Әкеге ізет, анаға құрмет» тақырыбында «Жас ақындар айтысы» байқауын ұйымдастыру, жеңімпаздарын марапаттау енгізілді.

Бұл іс-шаралар білім беру ұйымдарына әдістемелік ұсыным ретінде жіберіледі.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Жамбыл облысына барды
ТОП-5 алаяқтық схема

Валюта бағамы

 504.24  course up  589.73  course up  6.49  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети