ҚР экология, геология және табиғи ресурстар министрі Мағзұм Мырзағалиев Нұр-Сұлтанда келесі жылыту маусымында түтін болмайды деген үміт білдірді. Оның айтуынша, бұл мақсатта қалада қажет дайындық жұмыстары жүргізілген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Түтінді жеңуге болады және жеңетінімізге сенімдімін. Қажет дайындық жұмыстары бар, бәрі жасалды", - деді Мырзағалиев ОКҚ онлайнг-брифингте.
Министр елордада көптеген үйге газ кіргізілгенңн айтты. Бірақ оның айтуынша, кейбір астаналық үйіне газ кіргізуге дайын емес, сондықтан әлі күнге дейін көмір жағып отыр.
"Бүгінде 300-ге жуық үйге кіргізілді (газ - еск.), 1000 үйге техникалық жағдай жасалды, тағы мыңдаған үй өтініш білдірді. Қазір көптеген тұрғын көмір сатып алып қойды, сондықтан газды қосуға асықпайды. Олар дайын, бірақ "көмірді бітіріп тастайық" деп отыр. (...) Келесі жылыту маусымында қалада ауа таза болады деген үміттемін, - деді министр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!