Қылқындырып, суға батырып жіберген: қазақстандық 15 жыл бұрын адам өлтіргені үшін сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қылқындырып, суға батырып жіберген: қазақстандық 15 жыл бұрын адам өлтіргені үшін сотталды Фото: polisia.kz

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 15 жыл бұрын танысын өлтірген ер адамға үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық соты 15 жыл бұрын танысын өлтірген ер адамға үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Соттың баспасөз қызметі мәліметінше, 2009 жылдың 6 шілдесінде сотталушы Б. мен оның танысы арасында жанжал туындап, оның барысында ол павлодарлық әйелді қылқындырып өлтіріп, кейін оның денесін көлге батырып жіберген.

Прокурор сотталушыны осыдан кейін жасалған басқа қылмыстармен қоса 18 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады.

Жәбірленуші тарап мемлекеттік айыптаушымен келісті. Бірақ сотталушының өзі адам өлтірудегі кінәсін мойындамады.

"Б. жасаған әрекеті аса ауыр қылмыстар санатына жатады, ол үшін заңда 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру көзделген. Ол бұрын сотталған және бас бостандығынан айыру орындарында жазасын өтеген. Осыны ескере отырып, қылмыстардың жиынтығы бойынша сот Б.-ны қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерінде барынша қауіпсіздікті өтей отырып, 18 жылға бас бостандығынан айыру жазасын тағайындады", - деп түсіндірді Павлодар облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының баспасөз қызметі.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети