Іздеуде жүрген қылмыскерді ұстауға көмектескен сарбаз "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.
Іздеуде жүрген қылмыскерді ұстауға көмектескен сарбаз "Жауынгерлік ерлігі үшін" медалімен марапатталды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Ақмола облыстық ішкі саясат басқармасына сілтеме жасап.
22 жастағы Азамат Өнерханов 2013 жылдың 8 желтоқсанында Бұланды ауданының қорғаныс істері жөніндегі бөлімінің шақыруымен ҚР Қарулы Күштері қатарына қызметке алынған. Мерзімді әскери қызметін Шымкент қаласындағы №6506 әскери бөлімінде атқыш-пулеметші болып өтеді, онда патруль-тұрақ қызметінің дағдысын да меңгерді.
"Бір күні кешкісін сарбаздар бағыттар бойынша күзетке шықты. Күзет кезінде оларға шабуыл жасалды, сарбаздар жеңіл жарақат алды. Ол бар күшін салып, бұрын сотталған және іздеуде жүрген қылмыскердің қашып кетуіне жол бермеді. Оны аудандық ішкі істер бөліміне жеткізді", - деп хабарлайды басқарма өкілдері.
Бригадалық ауысымда Азамат Өнерханов "Жауынгерлік ерлігі үшін" - Бауыржан Момышұлы атындағы "Батыр шапағаты" медалімен марапатталды. Өнерханов Қарағанды облысындағы Спасск қала типіндегі елді мекенінде ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік жүйесі күштерінің оқу-жаттығуларына қатысып, онда да алғысхатқа ие болған. Азамат Шымкентте әскери борышын өтегеніне риза.
"Қазіргі жас ұрпақ Отан алдындағы борышын абыроймен атқарады деп сенемін. Біз, әскердегі қызметті өткерген запастағы әскери міндеттілер әскери істерді енді меңгеретін жас жігіттерге үлгі боламыз. Тиісті мерзімін өтеген жас жігіттер әскерден үйлеріне оралып, күшке, ерлік пен батылдыққа ие болғанын сезеді. Ондай қасиеттерге тек қана әскерде қол жеткізуге болады!" - дейді Азамат Өнерханов.