Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің бұрынғы басшысы қайтыс болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің бұрынғы басшысы қайтыс болды Бауыржан Бердалин. Фото: kuis.kz

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) бұрынғы басшысы, әділет генерал-майоры Бауыржан Бердалин қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚАЖК сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің (ҚАЖК) бұрынғы басшысы, әділет генерал-майоры Бауыржан Бердалин қайтыс болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚАЖК сайтына сілтеме жасап.

"ҚАЖ комитетінің басшылығы мен ардагерлер кеңесі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің бұрынғы төрағасы, әділет генерал-майоры Бердалин Бауыржан Маратұлының 62 жасқа қараған шағында қайтыс болғанын хабарлайды.

ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің жеке құрамы мен ардагерлер кеңесі Бауыржан Бердалиннің мезгілсіз қайтыс болуына байланысты туыстары мен жақындарына қайғырып көңіл айтады",-делінген ведомство хабарламасында.

Бауыржан Маратұлы өмірінің көп бөлігінде Кеңес Одағы мен Қазақстан Республикасы ІІМ органдарында қызмет атқарған. Пенитенциарлық жүйедегі еңбек жолын 1985 жылы Қазақ КСР ІІМ еңбек-түзеу мекемесі бас басқармасы жедел бөлімінің аға жедел уәкілі болып бастаған.

Ұзақ жылдар бойы басшылық қызметтерде болып, 2011 мен 2016 жылдар аралығында ҚР ІІМ ҚАЖ комитетінің төрағасы болған. Екінші дәрежелі "Даңқ" ордені мемлекеттік наградасымен марапатталған.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Алматыда қоймадан өрт шықты

Валюта бағамы

 514.89  course up  600.31  course up  6.73  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети