17 сәуір 2014 | 17:10

Қылмыстық кодекстің қазақша нұсқасын ретке келтірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

©Тengrinews.kz ©Тengrinews.kz

Осы жолы Қылмыстық кодекстің қазақ тіліндегі терминологиясының бірізділігі сақталды. Әйтпесе, бұған дейін оның ішінде тұтас сөйлемдер жетіспейтін. Соның салдарынан прокурорлар мен судьялар оны орысша нұсқасымен жиі салыстырып отыратын, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Парламент Мәжілісінің депутаты Рамазан Сәрпековке сілтеме жасап. 

Иконка комментария блок соц сети

"Шыны керек, Қылмыстық және Қылмыстық процесстік кодекстің екінші оқылымда қабылдануы үлкен жетістік деп айтуға болады. Ал, ең бастысы, Қылмыстық-атқару және әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің қазақ тіліндегі терминдері бір ізге түсті. Қазіргі кодекстердің қазақ тіліндегі нұсқасында тұтас бір сөйлемдер жетіспейді. Содан тергеушілер, прокурорлар мен судьяларға орысша мен қазақша кодекстің екеуін де ашып қойып, салыстырып отыруға тура келеді. Қазір қазақ тілінде қаралатын қылмыстық істердің саны артып отыр. Осы орайда терминдердің бір ізге түсуі аса маңызды", - деді депутат Орталық коммуникациялар қызметінде өткен бүгінгі брифингте. 

Халық қалаулысы атап көрсеткендей, бұған дейін "Қылмыстық іс жүргізу" деген кодекс болса, қазір оны "Қылмыстық процесстік кодекс" деп нақты аударып мақұлдады. Құқық қорғаушылар бұл бастаманы қолдап отыр. Себебі "іс жүргізу" сөзін басқа салаларда да қолданады. Айта кеткен жөн, Парламент Мәжілісі Қылмыстық кодекс пен Қылмыстық процесстік кодекстің жаңа нұсқасын мақұлдап, Сенаттың қарауына жіберген.     

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети