29 қазан 2014 | 18:23

Қылмыстық қудалау кезінде әкімдер кенеттен жүйке ауруымен "сырқаттанып" қалған

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото ©Тұрар Қазанғапов Фото ©Тұрар Қазанғапов

Үш әкім қылмыс жасағаннан кейін кенеттен жүйке ауруымен сырқаттанып қалған. Бұл дерек 2005-2014 жылдар аралығында әшкерленгені Бас прокуратураның алқа мәжілісінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz аталмыш ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 


Иконка комментария блок соц сети

Үш әкім қылмыс жасағаннан кейін кенеттен жүйке ауруымен сырқаттанып қалған. Бұл дерек 2005-2014 жылдар аралығында әшкерленгені Бас прокуратураның алқа мәжілісінде айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz аталмыш ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"Қылмыс жасаған соң жүйке ауруымен сырқаттанып қалған 35 адамның 21-і ауыр, 9-ы аса ауыр қылмыс жасаған. Мұндай жағдайлардың басым бөлігі Алматыда (8 адам), Оңтүстік Қазақстан (7) және Алматы облыстарында (6) болған. Тергеу барысында "кенеттен" жүйке ауруына ұшыраған 11 адамның қылмыс жасаған сәтте мемлекеттік органдарда ұзақ уақыт бойы лауазымды қызмет атқарып келгендігі анықталған. Олардың арасында 3 әкім, 3 әскери қызметкер, 2 бас дәрігер, 2 бухгалтер және 1 пойыз бастығы бар", - делінген баспасөз қызметінің ақпаратында.

Баспасөз қызметінің хабарлауынша, Бас прокурор осы санатқа жататын сот актілерінің заңдылығын қамтамасыз етудің, қылмыс жасаған соң дереу жүйке ауруына ұшыраған кінәлі адамдардың қылмыстық жауапкершіліктен жалтаруына жол бермеудің өзектілігін атап өткен.

"Қылмыстық іс уақытша тоқтатыла тұруы керек, ал кінәлі адамдар сауыққан соң сот алдында жауап берулері тиіс. Мұндай істер бойынша қозғалған өндірістер емдеу тоқтатылған сәттен бастап қайта жаңартылуы қажет. Алайда жазаның бұлтартпас қағидасы әрқашан жүзеге аса бермейтіндігі тексеріс барысында белгілі болды", - делінген хабарламада. Сот тәжірибесін зерделеу кезінде қылмыс жасады деп айыпталып отырған адамдардың жауапкершілік пен жазадан жалтарып кетуіне әкеліп соққан біршама заң бұзушылықтар анықталды. Ауру адам жазылғанға дейін қылмыстық істі тоқтата тұрудың орнына, айыпталушылар сот шешімімен мәжбүрлі емдеуге жіберіліп немесе қылмыстық жауапкершіліктен заңсыз босатылып отырған.

Әкімшілік тәжірибеге жасалған талдау көрсеткендей, сот арқылы тұрғылықты жері бойынша емдеу тағайындалған жүйке аурулары бар адамдар азаматтық-құқықтық мәмілелер жасап, өндірістерде жұмыс істеп, автокөлік құралдарын басқарып келген. Бұл ретте жол полициясы органдары мұндай азаматтарды көлік басқару құқығынан айыру туралы мәселе көтеруге құлықсыз. Мұндай 208 дерек анықталған.

Заңда көрсетілгендей, ішкі істер органдары сотқа көлік құралын басқаруға денсаулығы жарамайтын адамдардың көлік басқару құқықтарын тоқтату туралы талап арыз енгізулері тиіс. Бұл әсіресе жүйке ауруларымен сырқаттанған адамдарға қатысты. Прокурорлардың араласуынан кейін 115 адамның көлік басқару құқығын тоқтату туралы сотқа талап арыз енгізілді, бүгінде олардың 61-і қанағаттандырылды.

Талқылау қорытындысы бойынша Бас прокурор аталған санатқа жататын істер бойынша соттар жіберген заң бұзушылықтарды анықтау туралы Жоғарғы Сотқа хабарлауды тапсырды. Әсіресе сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қатысы бар адамдарды мәжбүрлеп емдеу мерзімін созу туралы денсаулық сақтау мекемелері ұсыныстарының негізділігін мұқият зерттеу қажеттілігіне назар аударды. Сонымен қатар Ішкі істер министрлігіне жүйке ауруына шалдыққан азаматтарды көлік құралын басқару құқығынан айыруға тиімді шаралар қабылдау, сондай-ақ жүйке ауруларымен сырқаттанған адамдардың қоғамға қауіпті әрекеттерін уақтылы ескерту мақсатында денсаулық сақтау мекемелерімен өзара тығыз іс-қимыл жасасуды қамтамасыз ету ұсынылды.

"Мүдделі органдардың пікірлерін ескере отырып мемлекеттік қызметке қабылдау талаптарының тізіміне кандидаттардың психофизиологиялық тексеруден міндетті түрде өтуін қосу туралы заңнамалық өзгерістерге бастама көтеру туралы шешім қабылданды", - деп түйіндеген баспасөз қызметі.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети