04 қазан 2015 | 09:46

Қымбат той кортеждері Оңтүстік Қазақстанда заңдастырылуы мүмкін

ПОДЕЛИТЬСЯ

Астанадағы той кортежі Астанадағы той кортежі

Қымбат той кортеждерін Оңтүстік Қазақстан облысының мәслихат депутаты заңдастыруды ұсынды, - деп хабарлайды Otyrar.kz. Депутат Аманулла Рахманқұлдың айтуынша, бұл шара жолдағы арат жағдайларын айтарлықтай азайтатын еді. 


Иконка комментария блок соц сети

Қымбат той кортеждерін Оңтүстік Қазақстан облысының мәслихат депутаты заңдастыруды ұсынды, - деп хабарлайды Otyrar.kz. Депутат Аманулла Рахманқұлдың айтуынша, бұл шара жолдағы арат жағдайларын айтарлықтай азайтатын еді. 

"Демалыс күндері көлік жүргізудің өзі қиын. Той кортеждері қозғалысты жауып тастап, апат жағдайын жасайды. Ал осы жастардың ата-анасы МАИ-ға барып, ақшасын төлесе, алды-артында жол нұсқап жүретін көліктерді бөліп беретін еді. Сөйтіп серуен құрсын", -дейді Рахманқұл. Алайда бұл жағдайда жол кортеж үшін жабыла ма, жоқ па - ол жағын депутат түсіндірмеді. 

Еске салайық, Интернетте Түркістандағы тағы бір кортеждің жол қозғалысы ережесін өрескел бұзған сәті бейнеленген видео пайда болды. Халықаралық трассада болған оқиғаны видеоға куәгерлер түсіріп алған. Түркістан маңында Шымкентке қарай үйлену тойының кортежі өткен. Жол талғамайтын бірнеше көлік бір-біріне жол бермей, қарсы бетке шығып кетті.

Осыған дейін тағы бір атышулы кортеж оқиғасы Астанада болған еді. Әлеуметтік желіде қымбат көліктермен елорда көшелерінде шоу ұйымдастырғандардың видеосы жарияланған болатын. Кейін үйлену тойының ІІМ Әкімшілік полициясы комитетінің төрағасының орынбасары Бақытжан Балташевтың ұлы жасап жатқандығы белгілі болды. Бұл оқиғадан кейін Балташев отставкаға кетті.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети