03 қаңтар 2018 | 13:44

Қымбат Mercedes-Benz S500 және Toyota жол талғамайтын көліктерін сатып алған шенеуніктер жазаланды - Сұлтанов

ПОДЕЛИТЬСЯ

Mercedes-Benz S500. ©REUTERS Mercedes-Benz S500. ©REUTERS

Мәжіліс депутаттарының сынынан кейін жазаланған шенеуніктер қымбат Mercedes-Benz және Toyota маркалы жол талғамайтын көліктерді сатып алғаны анықталды. Бұл туралы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

Мәжіліс депутаттарының сынынан кейін жазаланған шенеуніктер қымбат Mercedes-Benz және Toyota маркалы жол талғамайтын көліктерді сатып алғаны анықталды. Бұл туралы қаржы министрі Бақыт Сұлтанов мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

СҚО, ОҚО, Астана, Атырау және Қостанай облыстарының лауазымды тұлғаларына қатысты тәртіптік шара қолданылған. Мәселен, Атырау облысында Toyota Land Cruiser Prado 150 және Toyota RAV4 көліктері сатып алынған. "Астана автошаруашылығы" ЖШС конкурстық жолмен 54,911 миллион теңгеге Mercedes Benz S500 көлігін сатып алған. 

Толық тізімді мына жерден көре аласыз. 

Мұның алдында үкімет басшысы Бақытжан Сағынтаев 2017 жылдың 18 мамырындағы № ДС-138 (депутаттық сауал) аясында барлық орталықтанған және жергілікті атқару органдары, сондай-ақ оларға қарасты ұйымдарға ескерту жасап, көлік сатып алуда отандық көлік өндіретін модельдердің сипаттамаларына сәйкес келетін құжаттық талаптар қарастыру тапсырылғанын мәлімдеген болатын. 

"Бұл тапсырманы орындамау деректері анықталды, осыған байланысты шетелдік қымбат көліктерді сатып алған лауазымды тұлғаларға қатысты қандай шаралар қолданылғанын Қаржы министрлігі қосымша жария ететін болады", - дейді Сағынтаев. 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.34   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети