Қырғыз шекарасын айналып өтетін Жуалы ауданындағы жаңа су арнасы уақытында тапсырылады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі қоршаған орта және су ресурстары вице-министрі Ерлан Нысанбаевқа сілтеме жасап.

Айта кеткен жөн, өткен жылы шекарада тұратын қырғыз азаматтары Көксайдағы су арнасын (орысшасы - "Быстроток") өздігімен жауып тастағаннан кейін Жамбыл облысы Жуалы ауданының тұрғындары жерлерін суара алмай қалды. Соның салдарынан өнім де аз шықты. "Себебі 2 мың гектардай жер сол су арнасына қарап отырды. Арнаның ұзындығы - 25 шақырым. Соның 12 шақырымы Қырғызстан шекарасы арқылы өтеді. Ал былтырғы дау-дамайдан кейін Үкімет қырғыз жеріне кірмейтін жаңа су арнасын салу туралы шешім шығарған. Қазіргі жоспар бойынша оның құрылысы 1 шілдеге дейін аяқталады. Жақында мен өзім сол нысанды көріп қайттым. Сондықтан оны уақытында тапсырамыз деп сенімді түрде айта аламын", - деді бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте Е.Нысанбаев.