Қырғыз-тәжік қақтығысы: шекараға әскер жіберілді

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button

5 маусымда 9.00-де Чон-Алай ауданының Унжу-Бұлақ елді мекеніндегі мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік учаскесіндегі жағдай салыстырмалы түрде тұрақты. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі хабарлады. Сонымен қатар, Баткен облысындағы үкіметтің өкілетті өкілі Әбдікерім Әлімбаев Тәжікстанның Соғды облысы атқарушы билігінің төрағасы Раджоббо Ахмадзодамен телефон арқылы сөйлесті, олар бірлескен полиция мен шекара патрульдері мен жаяу әскер патрульдерін нығайтуға, сондай-ақ әскерлерді шекараға жіберуге келісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап. 

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

5 маусымда 9.00-де Чон-Алай ауданының Унжу-Бұлақ елді мекеніндегі мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік учаскесіндегі жағдай салыстырмалы түрде тұрақты. Бұл туралы ҰҚК Шекара қызметі хабарлады. Сонымен қатар, Баткен облысындағы үкіметтің өкілетті өкілі Әбдікерім Әлімбаев Тәжікстанның Соғды облысы атқарушы билігінің төрағасы Раджоббо Ахмадзодамен телефон арқылы сөйлесті, олар бірлескен полиция мен шекара патрульдері мен жаяу әскер патрульдерін нығайтуға, сондай-ақ әскерлерді шекараға жіберуге келісті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап. 

Сонымен қатар, Қырғызстанның Баткен облысының Баткен және Лейлек аудандары әкімдері мен Тәжікстанның Соғды облысының Исфарин және Гафуров аудандарының әкімдері кездесті. 

"Жергілікті билік құқық қорғау органдарымен бірлесіп шекара маңындағы аудандарда жанжалдардың алдын алу және қауіпсіздікті қамтамасыз ету жұмыстарын жүргізіп жатыр. Қазір Баткен облысының Тәжікстанмен шекаралас аудандарындағы жағдай тыныш", - делінген хабарламада.

ҰҚК Шекара қызметі мәліметінше, түн тыныш өтті, қылмыстық әрекеттер тіркелген жоқ. Жағдайды реттеу бойынша барлық шара қабылданып жатыр.

Ош облысының Чон-Алай ауданында бес ауылдың тұрғындары эвакуацияланды. Бұл туралы Президент әкімшілігінің аппарат басшысы Файзидин Низамов мәлімдеді.

Оның айтуынша, 8 мыңға жуық тұрғын үйлерін тастап шықты.

"Тұрғындардың бір бөлігі Дараут-Қорған ауылына келді. Олардың барлығы жергілікті тұрғындардың үйлеріне кірді. Эвакуацияланғандарды орналастыру үшін спорт залдары мен әлеуметтік нысандар дайындалды, бірақ әзірге онда ешкім жоқ", - деді Файзидин Низамов.

Ол Чон-Алай ауданында әзірге жағдай тұрақты екенін атап өтті. "Біз қақтығыс шиеленіскен жағдайда қауіпсіздік мақсатында тұрғындарды эвакуациялаймыз", - деді шенеунік.

Кеше сағат 19.30-дан бастап Чон-Алай ауданының Жекенді, Қара-Тейит, Қара-Мық, Чулук және Шибе ауылдарының тұрғындары Дароот-Коргон ауылындағы мектепке эвакуацияланды.

"Басқа жергілікті тұрғындар Мырзақұлов орта мектебіне, 44 кәсіптік училищеге және Орталық мешітке бөлінді. Эвакуацияға ТЖМ аудандық бөлімдері, Чон-Алай ауданының басшылығы және азаматтық қорғаныс комиссиясы тартылды. Сонымен қатар, ТЖМ гуманитарлық көмек ұйымдастыруға кірісті", - деді министрлік өкілдері.

Еске салайық, Тәжікстан 4 маусымда сағат 03.00-де Қырғызстан аумағына, Чон-Алай ауданының Унжу-Бұлақ елді мекенінде контейнер орната бастағаны хабарланды. Сағат 06.00-де тәжікстандықтар орнатылған контейнерден 600 метрге аулақ кетті. Шекарадағы жағдай тұрақты деп сипатталады. ҰҚК Шекара қызметінің мемлекеттік шекараның қырғыз-тәжік учаскесінде орналасқан бөлімшелері күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.19  course up  583.08  course up  6.26  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro