21 наурыз 2020 | 18:12

Қырғызстан коронавирусқа байланысты төтенше жағдай жариялады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Сурет: gov.kg Сурет: gov.kg

Қырғызстан үкіметі коронавирусқа байланысты елдің барлық аумағында төтенше жағдай режимін енгізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Министрлер кабинетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қырғызстан үкіметі коронавирусқа байланысты елдің барлық аумағында төтенше жағдай режимін енгізеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Министрлер кабинетінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қырғыз Республикасының премьер-министрі Мұхаммедкалый Абылғазиев кеңес өткізіп, елдің Қауіпсіздік кеңесінің ұсынысына сәйкес Үкімет ел аумағында төтенше жағдай режимін енгізетінін хабарлады.

Премьер-министр қабылданған шешімге сәйкес Үкімет жоспарды іске асыруға кірісетінін атап өтті, ол төтенше жағдай режимін енгізу кезінде барлық іске қосылған мемлекеттік органдардың іс-қимыл тәртібін қамтиды.

Үкімет басшысы Бішкек және Ош қалаларына, сондай-ақ, вирус жұқтырған адамдар тіркелген аудандарға ерекше назар аударылуы тиіс екенін атап өтті.

Еске салайық, Қырғызстанда қазіргі уақытта коронавирусты 12 адам жұқтырған. Олардың барлығы елге қажылықтан Сауд Арабиясы мен Кувейттен келген.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети