Қырғызстан парламенті туды өзгерту туралы заң жобасын мақұлдады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан парламенті туды өзгерту туралы заң жобасын мақұлдады Фото: 24.kg

Қырғызстан парламенті мемлекеттік туды өзгерту туралы заң жобасын үш оқылымда талқылаусыз қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан парламенті мемлекеттік туды өзгерту туралы заң жобасын үш оқылымда талқылаусыз қабылдады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі 24.kg сайтына сілтеме жасап.

Заң жобасын қабылдауға 59 депутат дауыс берсе, 5-і қарсы болды.

Парламент спикері Нұрланбек Шәкиев халық қалаулыларын тудың өзгеруімен құттықтады.

"Құрметті депутаттар! Жаңа ту құтты болсын! Бұл өзгерту емес, бұл түзетулер. "Аңызға айналған парламент" туралы үнемі қайталаудың қажеті жоқ. Әр кезеңнің өз аңызы бар", - деді ол.

Конституциялық заңнама, мемлекеттік құрылым, сот-құқықтық мәселелер және регламент комитетінің төрайымы Шолпон Сұлтанбекова заң жобасын екінші және үшінші оқылымда дауыс беруге парламенттік алты фракция мақұлдағанын айтты.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети