Қырғызстан премьер-министрі Еуразиялық дағдарысқа қарсы қор құруды ұсынды

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан премьер-министрі Еуразиялық дағдарысқа қарсы қор құруды ұсынды Фото: 24.kg

Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров дағдарысқа қарсы Еуразиялық қор құруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан Министрлер кабинетінің төрағасы Ақылбек Жапаров дағдарысқа қарсы Еуразиялық қор құруды ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Премьер-министр Одаққа мүше мемлекеттердің дамуындағы елеулі сәйкессіздіктің артып келе жатқанын айтты. Оның пікірінше, бұл жағдай ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің даму деңгейі мен халқының табысындағы алшақтықты арттыруға себеп болады.

"Біз бұл үрдісті мүше мемлекеттердің даму деңгейі мен халықтың табысы бойынша экономикаларының жақындасуы үшін алғышарттар жасау арқылы тоқтата аламыз. Бүгінгі таңда барлық мемлекеттер сыртқы күйзелістер мен макроэкономикалық қысымды бастан кешіріп жатыр. Одақ жүйесінде бұл қысымды ұстап тұру алгоритмі әлі жоқ", - деді Жапаров.

Сонымен қатар, Қырғызстан Министрлер Кабинетінің басшысы геосаяси турбуленттілік одаққа мүше мемлекеттердің экономикасына шиеленіс пен қысымның артуына алып келеді.

"Мұндай жағдайда тығыз экономикалық байланысқа ие болып сын-тегеуріндерге қарсы тұруға тиіспіз. Біз одақ аясында дамудың белгіленген бағдарламаларын қаржыландырудың икемді және жеңілдікті құралдарымен даму мақсаттарына қол жеткізуге бағытталған Еуразиялық дағдарысқа қарсы қор құру туралы ойлануымыз қажет", - деп толықтырды Ақылбек Жапаров.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети