Қырғызстан президенті қазақстандыққа ат сыйлады

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстан президенті қазақстандыққа ат сыйлады © Facebook/Дайырбек Орунбеков

Қырғызстан президенті Садыр Жапаров қазақ ақыны Біржан Қалдыбаевқа ат сыйлады. Бұл туралы президент әкімшілігінің ақпараттық саясат қызметінің жетекшісі Дайырбек Орынбеков мәлім етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Kaktus.media сайтына сілтеме жасап.

Қалдыбаев 13 тамызда Чолпон-Атада өткен көк-бөріден әлем чемпионатының ашылу салтанатында өнер көрсетіп, Жапаровқа екі халықтың достығы туралы ән шырқады.

Осыдан кейін Қырғызстан президенті ақынды Бішкекте сәйгүлік күтіп тұрғанын айтқан. Ал жексенбіде, 20 тамызда президент істерін басқарушы Қаныбек Тумонбаев ақынға мемлекет басшысының сыйлығын табыс етті.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети