Қырғызстанда бүлікшілер қазақстандық компанияларды басып алмақ болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда бүлікшілер қазақстандық компанияларды басып алмақ болды Фото: Тұрар Қазанғапов

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қырғыз Республикасындағы қазақстандық кәсіпорындардың жағдайы туралы мәлімдеме жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі Қырғыз Республикасындағы қазақстандық кәсіпорындардың жағдайы туралы мәлімдеме жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Қырғыз Республикасындағы қазақстандық инвесторларға тиесілі бірқатар кәсіпорындарға шабуылдар мен оларды басып алу әрекеттеріне байланысты зор алаңдаушылық білдіреміз", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, кәсіпорындардың Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын қызметкерлеріне күш жұмсау және осы кәсіпорындардың мүлкін жою туралы қауіп-қатер көрсету фактілері ерекше алаңдататыны айтылады.

"Қазақстандық компаниялар соңғы жылдары Қырғызстан экономикасына 1 миллиард АҚШ долларынан астам инвестиция құйып, көрші елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосты. Қырғыз тарапын Қазақстан азаматтарының да, Қырғызстан аумағындағы қазақстандық компаниялардың да қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша дереу шаралар қабылдауға шақырамыз", - делінген хабарламада.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 501.82  course up  595.31  course up  6.59  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети