10 маусым 2014 | 17:42

Қырғызстанда "диссертацияны жууға" тыйым салынды

ПОДЕЛИТЬСЯ

©apartamenty.kz ©apartamenty.kz

Қырғыз республикасының білім министрлігі ғылыми диссертациялардың сәтті қорғалуына арналған банкеттерді өткізуге тыйым салды. Бұл шара сыйбайлас жемқорлық ретінде қарастырылып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Қырғыз республикасының білім министрлігі ғылыми диссертациялардың сәтті қорғалуына арналған банкеттерді өткізуге тыйым салды. Бұл шара сыйбайлас жемқорлық ретінде қарастырылып отыр, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ресейлік ақпарат агенттігіне сілтеме жасап.

Бүгінде қырғыз жерінде де кандидаттық немесе докторлық диссертациялардың сәтті қорғалуына орай атшаптырым тойларды жасау дәстүрге айналған. Ондай банкеттің біреуі, кем дегенде, бір мың долларға түседі. Осыған байланысты Қырғызстанның білім министрлігі арнайы бұйрықты шығарды. Оған сәйкес, жоғары оқу орындары жанынан құрылған диссертациялық кеңестерде ғылыми жұмысты қорғаудан кейін банкет өткізуге тыйым салынып отыр.

Бұдан бөлек, әрбір диссертация бейне және аудио таспаға түсірілуі тиіс. Жылдың соңында ол материалдардың барлығы білім министрлігіне тапсырылады.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.68   522.66   4.79 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети