Қырғызстанда қашып жүрген қазақстандық ұсталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда қашып жүрген қазақстандық ұсталды Фото: mvd.gov.kg

Интерпол іздеп жүрген жүрген қазақстандық Бішкекте ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстанның ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Интерпол іздеп жүрген жүрген қазақстандық Бішкекте ұсталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстанның ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ішкі істер министрлігінің мәліметінше, 1985 жылы туған А.Д.-ға шенеунікке пара берді деген айып тағылған. Оны ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі іздестірген.

"Қолда бар ақпаратқа сәйкес, 2022 жылғы желтоқсан мен 2023 жылғы қараша аралығында логистикалық компанияның иесі А.Д. тауарларды шетелге жеткізбек болған. Кедендік рәсімдерді айналып өту үшін ол кеден қызметкерлерімен сөз байласқан. Бұл аралықта күдікті пара ретінде 16 500 доллар берген", - деп хабарлады Қырғызстан ІІМ.

Күдікті Қырғызстан заңнамасына сәйкес, одан әрі процессуалдық әрекеттерді жасау үшін Октябрь аудандық ішкі істер басқармасының тергеу қызметіне жеткізілді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети