Қырғызстанда қазақ диаспорасының экс-басшысы сотталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстанда қазақ диаспорасының экс-басшысы сотталды Марат Тоқтоучиков. Кabar.kg видеосынан алынған кадр

Қырғызстандағы қазақ диаспорасының бұрынғы басшысы Марат Токтоучиков екі жыл алты айға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қырғызстандағы қазақ диаспорасының бұрынғы басшысы Марат Токтоучиков екі жыл алты айға бас бостандығынан айырылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Бішкек Первомай аудандық сотының баспасөз қызметінің мәліметінше, үкім 2022 жылдың 27 маусымында шығарылған. Ол Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 307-бабы 1-бөлігінде көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылды.

"Оған екі жыл алты ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды, жазасын жалпы режимдегі түзеу колониясында өтейді", - деді сот өкілдері.

Еске салайық, Токтоучиков 2021 жылдың сәуірінде мемлекетке сатқындық жасады деген күдікпен қамауға алынған. Қазақ диаспорасының бұрынғы басшысы - Қырғызстан азаматы.

Бұл іс бойынша белгілі саясаттанушы Марат Қазақпаев та күдікті болған, оған қатысты сот қылмыстық істі тоқтатты, себебі Қазақпаев биыл 10 маусымда инсульттан қайтыс болды. Ол ҰҚКҰ тергеу изоляторында болған.

Зулайка Эркимбаева, Бішкек

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети