Қырғызстанның шекара қызметіндегілер Қазақстан шекарасындағы жағдайға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Айта кетейік, кеше кешкі уақыттан бері шекарада көліктер кезекте тұрып қалған болатын.

Вот, пруф. pic.twitter.com/3NuR7vUlAZ
— Asadiroff (@asadiroff) 10 октября 2017 г.
Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметінің мәліметінше, 10 қазанда сағат 18.00-ден бері Қырғызстан-Қазақстан мемлекеттік шекарасында жолаушылар мен көлік құралдарын өткізу ережесі күшейтілді.
"Қырғыз Республикасында президент сайлауына дайындық және сайлаудың өтуіне байланысты Қырғызстанның Мемлекеттік шекара қызметі күшейтілген режимге өтті", - деп хабарлады ведомстводағылар.
Сондай-ақ, Қырғызстан тарапынан шекара бақылауына ешқандай шектеу қойылмағаны айтылады.
"Қырғыз Республикасының Мемлекеттік шекара қызметі уақытша ыңғайсыздықтарға түсіністікпен қарауды сұрайды ", - деді Қырғыз Республикасы Мемлекеттік шекара қызметінің қоғаммен және БАҚ-пен байланыс бөліміндегілер.