Қырғызстанның сыртқы істер министрі Қазақстаннан көмек сұрады

Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Қазақстаннан дәрі-дәрмек пен қорғаныш құралдарын сұрап, көмектесуін өтінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Қазақстаннан дәрі-дәрмек пен қорғаныш құралдарын сұрап, көмектесуін өтінді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қырғызстан СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтан қаласына жұмыс сапарымен келген Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаев Қазақстанның сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердімен кездесті.


Фото: Қазақстан СІМ баспасөз қызметі

Реклама
Реклама

Қырғызстан СІМ өкілі қаржылай-техникалық көмек көрсету мүмкіндігін де қарастыруды өтінді.

"Министр Руслан Қазақбаев қазақстандық тараптап Қырғызстанның Денсаулық сақтау министрлігіне қайтарымсыз негізде дәрі-дәрмек және қорғаныш құралдарын беруді сұрады. Сыртқы саясат ведомстволарының басшылары жүк тасымалдаушылар үшін Қырғызстан-Қазақстан шекарасында қолайлы жағдай жасау керегін атап өтті", - деп хабарлады Қырғызстан СІМ басшысы.


Фото primeminister.kz

Сонымен қатар, Қазақстанның премьер-министрі Асқар Мамин Қырғыз Республикасының сыртқы істер министрі Руслан Қазақбаевты қабылдады. Үкімет басшысы 2020-2022 жылдарға арналған Қазақстан мен Қырғызстан арасындағы ынтымақтастықтың кешенді бағдарламасының тармақтарын қоса алғанда, елдер арасында бұған дейін қол жеткізілген уағдаластықтарды іске асырудың маңыздылығын атап өтті.

Тараптар екі елдің сауда-экономикалық, инвестициялық, транзит-көлік, логистика, су-энергетика салаларындағы ынтымақтастығының жай-күйі мен перспективаларын, сондай-ақ пандемияның теріс салдарын азайтудағы өзара іс-қимылын талқылады.

Кездесуге ҚР сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді қатысты.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама