Синоптиктер 2016 жылдың қыркүйек айына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Синоптиктер 2016 жылдың қыркүйек айына арналған ауа райы болжамын жария етті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Алдын ала болжам бойынша, күздің бірінші айында Батыс Қазақстан облысында, Атырауда, Маңғыстауда, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстарында ауа температурасы қалыпты болады. Қалған аумақтарда ауа температурасы нормадан асады деп күтіледі. Еліміздің солтүстік-батыс аймақтарында және оңтүстік-шығыс аймақтарынла жаңбыр қалыпты және климаттық нормадан асам жауады деп болжанып отыр. Қазақстанның қалған аумақтарында ауа температурасы нормадан төмен болады деген болжам бар.
"Алдағы үш күнде белсенді циклондардың әсерінен еліміздің батысында тұрақсыз ауа райы сақталады. Яғни, кейбір жерлерде жаңбыр жауып, солтүстік-батыс желі секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ауа температурасы күндіз 15-20 градустан 20-25 градусқа дейін көтеріледі", - деді гидроорталықтағы болжам басқарманың басшысы Гүлмира Ақышева.
Оның айтуынша, 5 қыркүйектен бастап белсенді циклондардың батыстан шығысқа өтуіне байланысты еліміздің барлық аумағында өткінші жаңбыр жауып, жел секундына 15-20 метрге дейін күшейеді. Ал 10-13 қыркүйек аралығында ауа температурасы төмендейді. Ауа температурасы Қостанайда, Солтүстік Қазақстан облысында, Павлодарда, Шығыс Қазақстан облысында және Қарағандыда төмендейді деп күтіледі. Ал түнгі уақытта ол аймақтарда ауа температурасы түнде төмендеп, күндіз 12-20 градусқа дейін жылы болады.
"Қыркүйек айының үшінші жартысында салқын леп пен жылу алмасып, ауа температурасы ауысып тұрады. Сондай-ақ, еліміздің солтүстік аймақтарында жаңбыр қарға айналуы мүмкін", - деді Ақышева.
Оның айтуынша, бұл болжамдар дәл келмеуі де мүмкін. Әлемдегі бірде-бір метрологиялық қызмет 100 пайызға ауа райына болжам жасай алмайды. Сонымен қатар, маман "Қазгидромет" өкілдерінің бір тәулікке жасаған болжамы 90-95 пайызға дәл келетінін айтып өтті.