Қыркүйектің алғашқы күндері Астанада күн суиды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қыркүйектің алғашқы күндері Астанада күн суиды Фото:depositphotos.com

Синоптиктер Астана мен Алматыда алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Синоптиктер Астана мен Алматыда алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамын ұсынды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Астанаға арналған ауа райы болжамы

30 тамызда көшпелі бұлт, кейде жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 11-13, күндіз 19-21 жылы.

31 тамызда көшпелі бұлт, кейде жаңбыр жауады, найзағай күтіледі. Солтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр. Ауа температурасы түнде 9-11, күндіз 16-18 жылы.

Ал 1 қыркүйекте күзгі салқын болады: көшпелі бұлт, жаңбыр жауады, найзағай ойнайды. Солтүстіктен соғатын желдің екпіні секундына 9-14 метр, екпіні секундына 15-20 метр. Түнде ауа температурасы 5-7, күндіз 11-13 жылы.

Алматыға арналған ауа райы болжамы

30 тамызда синоптиктер жауын-шашынсыз көшпелі бұлттылық. Жел солтүстік-батыстан солтүстік-шығысқа ауысады, екпіні секундына 3-8 метр, кейде 13 метр. Ауа температурасы түнде 14-16, күндіз 26-28 жылы.

31 тамызда жауын-шашынсыз, көшпелі бұлттылық күтіледі. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 3-8 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 28-30 жылы.

1 қыркүйекте көшпелі бұлт болады, күннің соңында қысқа жаңбыр жауады, найзағай болады. Солтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні секундына 3-8 метр, найзағай кезінде екпіні секундына 15 метр. Ауа температурасы түнде 15-17, күндіз 30-32 ыстық.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети