Синоптиктер 2017 жылдың қыркүйектің 1-4 аралығында ауа райы қандай болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
Синоптиктер 2017 жылдың қыркүйектің 1-4 аралығында ауа райы қандай болатынын айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазгидромет" РМК өкілдеріне сілтеме жасап.
"Қазақстанда өткен үш күнде ауа райы климаттық нормадан 3-10 градус жоғары болған ыстық температура байқалды. Алдағы демалыс күндері республикамыздың солтүстік жартысынан атмосфералық фронттар жылжитын болады, осының әсерінен кей жерлерде өткінші жаңбыр жаууы мүмкін, осыған қарамастан қыркүйек айының басы ыстық болады деп болжанады", - делінген хабарламада.
Сондай-ақ, күндізгі ауа температурасы +25 - +33, ал оңтүстік, оңтүстік-батыс және оңтүстік-шығыста кей жерларде +35 - +40 градусқа дейін көтерілетіні айтылады. Мамандардың айтуынша, бұл қыркүйек айының басында әдеттегі ауа температурасынан +3 - +8 градусқа жоғары.