"Қырсық, қаталдау" - Алматыда оқ атқан ер адамның көршісі

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Қырсық, қаталдау" - Алматыда оқ атқан ер адамның көршісі © Tengrinews.kz/Ардақ Құлтаев

"Бұқар жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінің тұрғыны күзетшіге оқ атқан ер адам туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Бұқар жырау Тауэрс" тұрғын үй кешенінің тұрғыны күзетшіге оқ атқан ер адам туралы айтып берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әйелдің айтуынша, ол күндізгі сағат 12-де серуендеуге шыққан, бірақ үйіне кіре алмай қалған.

"Иә, бұл адам мұнда бұрыннан тұрады. (...) Ол - бірқилы адам. Менің ойымша, жасы 50-ден асқан. Қырсық, қаталдау. Диванға келсек, мұның бәрі қауесет (әлеуметтік желіде жанжал диванға қатысты туды деген нұсқа туралы. - Еск.). Кіреберістегі бұл дивандар ұзақ уақыттан бері тұр. Ол маған ешқашан дөрекі болмаған. Қаруын ешқашан көрмедік, бірақ ол күрделі адам. 17-қабатта тұрады", - дейді тұрғын үй кешенінің тұрғыны.

Біраз уақыт бұрын үйге бірнеше жедел жәрдем көлігі, кейін Ұлттық ұлан көлігі жетті.

Бұған дейін үйдің кей тұрғыны күндізгі 2-ден бері үйіне кіре алмай жүргені хабарланған. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 501.24  course up  597.92  course up  6.64  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети