Қыс басталғалы бері республикалық тас жолдардан 500-ден астам адам құтқарылды. Ауа райының қолайсыздығына байланысты республикалық маңызы бар автожолдар 50 рет жабылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Бұл ақпарат бүгін "ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басқарма төрағасы Берік Камалиевтің аймақтардағы филиал басшыларымен өткен селекторлық жиында мәлім болды", - делінген хабарламада. Жиында көтерілген басты мәселе, қазіргі уақытта, яғни, қыс мезгілінде тас жолдарды таза ұстап, жолдың жабылып қалмауын қамтамасыз ету болды.
"Қазақавтожол" кәсіпорны мен Төтенше жағдайлар қызметкерлері қар құрсауында қалған 532 адам мен 90 техниканы құтқарған. Осыған байланысты басқарма басшысы Камалиев филиал жетекшілеріне әр аймақтағы тас жолдардың қауіпті бөліктеріне көбірек көңіл бөліп, бақылауда ұстауды тапсырды. Әсіресе, алдағы мереке күндері республикалық маңызы бар тас жолдардың қараусыз қалмауына назар аудартты.