19 қаңтар 2017 | 17:43

Қытай архивінде қазақ хандарының хаттары табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Көрнекі сурет. Цзилин провинциясының архивінде түсірілген. © China.org.cn Көрнекі сурет. Цзилин провинциясының архивінде түсірілген. © China.org.cn

Жұңго бірінші тарихи мұрағатында (КХР) қазаққа қатысты 3 мың құжат сақталғаны белгілі болды. Бұл туралы "Егемен Қазақстан" газеті хабарлады.


Иконка комментария блок соц сети

Жұңго бірінші тарихи мұрағатында (КХР) қазаққа қатысты 3 мың құжат сақталғаны белгілі болды. Бұл туралы "Егемен Қазақстан" газеті хабарлады.

Басылымның мәліметінше, қазақ елінің тарихын тереңдете зерттеуге шет елдерде жүрген ғалымдар зор үлес қосып жатыр. Солардың бірі - Бейжің қаласындағы Орталық ұлттар университеті қазақ филологиясы факультетінің доценті, тарих ғылымдарының докторы Дүйсенәлі Әбділәшімұлы. 


Дүйсенәлі Әбділәшімұлы. © egemen.kz

Ғалымның айтуынша, мұрағаттағы қазаққа қатысты құжаттар 3 мыңнан да асады екен. Ғалым болашақта бұл құжаттарды да зерттеп, не жазылғанын анықтап, ғылыми айналысқа енгізуді жоспарлап қойды. Әзірше зерттеген 67 құжаттың ішінде 1758 жылы Қабанбай батырдың Чиң патшасына жазған хатынан бастап, кейінгі Әбілпейіз хан, Болат хан, Абылай хан, Уәли сұлтан және олардың балаларының Қытай билеушілерімен алмасқан хаттары да бар. Ал екінші кітапта қазақтың ежелгі жазба тілі лингвистикалық тұрғыда зерделенеді. Аты айтып тұрғандай, бұл еңбектен халқымыздың ежелгі жазба тілі, шағатай, төте жазуларының ерекшеліктері сарапталған.

Дүйсенәлі Әбділәшімұлының бұл еңбектері өткен жылы Қытайда жарық көрген.

Ал Ахмет Байтұрсынұлы атындағы тіл білімі институтының ғылыми қызметкері Орынай Жұбаева Қытайға барған сапарында осы кітаппен танысып, оның  елімізде шығуына ұсыныс жасапты. Автордың өз қаржысына құнды кітап 500 данамен жарық көрген.

Ғалым ұзақ уақыттан бергі зерттеулері нәтижесінде Жапонияның Киото университетінде "XVIII-XIX ғасырлардағы қазақша мұрағат құжаттары туралы тарихи дерекнамалық зерттеу" атты тақырыпта докторлық диссертациясын қорғаған. Ол бұдан кейін тағы да ондаған жылдар зерттеген  еңбегінің басын біріктіріп, екі кітабының тұсаукесерін өткізді. Бұл  кітаптардың алғашқысы "Жұңго бірінші тарихи мұрағатында сақталған қазақша құжаттар" деп аталса,  екіншісі, "Ескі қазақ жазба тілі"  деген атпен "Елтаным" баспасынан жарық көрген.

Бірінші кітап Қытайдың аталмыш тарихи мұрағатында сақталған XVII-XVIII ғасырлардағы қазақ батырлары мен хандарының сол кездегі Чиң патшалығы аталған қазіргі Қытай билеушілеріне жазған хаттардан құралған. Нақты айтқанда, 67 хат-құжат. Шағатай және төте жазуымен жазылған ол хаттардың көшірмесі кітапқа нақты дерек ретінде енгізілуімен құнды болып отырғанын жазады басылым.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети