Қытай, Иран және Корея азаматтарына Қазақстанға кіруге тыйым салынады

© REUTERS

Коронавирусқа байланысты Қытай, Иран және Оңтүстік Корея азаматтарына Қазақстанға кіруге тыйым салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Коронавирусқа байланысты Қытай, Иран және Оңтүстік Корея азаматтарына Қазақстанға кіруге тыйым салынады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Ведомствоаралық комиссияның шешімі бойынша 1 наурыздан бастап Нұр-Сұлтан - Сеул, Алматы - Сеул бағытындағы рейстер қысқарды, аптасына үш рейс қана орындалды. Енді 8 наурыздан бастап Оңтүстік Корея және бірінші категориядағы елдердің азаматтарына Қазақстанға кіруге тыйым салынады", - деді индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Қамалиев брифингте.

Еске салайық, мұның алдында Қазақстанда 992 адамның карантинге жатқызылғаны хабарланған болатын. "Қазақстанда 992 адам оқшауланып, карантинге жатқызылды. 8 мыңға жуық адам Денсаулық сақтау министрлігінің бақылауында. Олардың ішінде Қазақстан азаматтары мен шетелдік азаматтар бар. Вирустың белгілері байқалған жағдайда олар бірден ауруханаға жатқызылады", - деген еді денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов. 

Реклама
Реклама

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
news0
Отправить
Комментарии проходят модерацию редакцией
Показать комментарии

Реклама
Реклама