Қытайдағы жер игерудің жедел дамуы мен күріш алқаптарының кеңеюі Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі - Балқашқа айтарлықтай қауіп төндіреді. Себебі ол құрғақ аймақтардағы ауыз судың негізгі көздерінің бірі болып отыр. Бұл туралы ИноСМИ-ден аударылған EurasiaNet мақаласында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Қытайдағы жер игерудің жедел дамуы мен күріш алқаптарының кеңеюі Қазақстандағы ең ірі көлдердің бірі - Балқашқа айтарлықтай қауіп төндіреді. Себебі ол құрғақ аймақтардағы ауыз судың негізгі көздерінің бірі болып отыр. Бұл туралы ИноСМИ-ден аударылған EurasiaNet мақаласында айтылған, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Басылымда көл проблемалары Қазақстанда ондаған жыл бойы өткір мәселе ретінде тұрғаны атап өтілген. Алайда Пекин мұны елемей отыр.
"Дағдарыстың қаншалық ушығуы Қытайдың ауылшаруашылық секторының қызметіне және климаттың өзгеру ауқымына байланысты болады, бұл Балқашқа судың 80 пайызын қамтамасыз ететін 1500 шақырымдық Іле өзенін нәрлендіретін соңғы мұздықтардың жойылуына әкеледі", - делінген мақалада.
Онда Оксфорд университетінің ғалымдары жасаған қорытындылар жарияланған. Мамандар көлді құтқару үшін Қытай тұтынатын су мөлшерін күрт азайтуы керек екені айтады.
Суды екі мемлекет тұтынса да, соңғы онжылдықтарда Қытайда ауыл шаруашылығы қызметінің кеңею ауқымы Қазақстанда байқалған өсімнен әлдеқайда асып түсті.
1995-тен 2015 жылға дейін Қытайда суармалы егістік жерлердің ауданы шамамен 30 пайызға өсті, ал Қазақстан жағында айтарлықтай өсу болған жоқ.
Зерттеушілердің айтуынша, Балқашқа төніп тұрған қатерді "екі тарап су пайдалануды үйлестіріп, ауыл шаруашылығын өзеннің жоғары ағысымен экологиялық тұрақты дамыту" есебінен төмендетуге болады. Бірақ зерттеушілер Қытайдың ынтымақтастыққа барудан бас тартып отырғанын айтты.
Сонымен қатар, рецензияланған Water (су) журналындағы баяндама авторлары өзен аңғарында немесе "жайылымдар мен бұталарды суармалы ауылшаруашылық жерлерге айналдыруды жалғастыру арқылы" Қытайдың күріш өндірісін ұлғайту жоспарын" көрсетеді.
"Ғалымдар жүргізген зерттеу нәтижелері көңіл көншітпейді. Жағдайдың барлық дерлік нұсқасында Іледе су деңгейі Балқашты толтыруға қажет нормадан төмен болады. Қазіргі тұтыну бойынша да өзендегі су деңгейі жылдың жартысында көлді толтыру үшін қажет мөлшерден төмен және соңғы екі онжылдықта Іле дельтасындағы өсімдіктердің "біртіндеп азаюы" байқалады. Даму нұсқаларында 40 жыл бойы Балқашқа тым аз су құйылады", - делінген басылымда.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!